Хинди тілінің асқақ мәнсабы
“The Economist” газетінің Johnson атты тіл блогында хинди тілінің асқақ мәнсабы туралы мақала жарық көрді. Жаңадан дамып келе жатқан экономикалық алыптардың төрт күл дүниені мойындату бағдарламасынан өз тілдерін алға тарту мәселесі де тыс қалмаған екен. Үндістан саясатшыларының хинди тілін (Біріккен) Ұлттар Ұйымының ресми тілдер қатарына енгізу үшін аударма мен тәржімелеу қызметтеріне 14 милион $ жұмсамақ. Мәнсаптары шектен асатын, не нәрсе туралы даңғаза да есерсоқ шешімдер қабылдайтын жаңа экономика өкілдеріне дәстүрлі экономика өкілдері елдің қақ жартысы сөйлемейтін хинди тілін мойындату үшін осыншама қаржы шашу орынды ма деген өте орынды сұрақ қояды.
Қазақ тілінің оқулықтарын дайындауға бір миллион да жетер еді. Тілді көтергісі келген өкімет жолын тауып көтереді ғой. Үндістан саясатшыларының Швейцариядағы сарайларға емес, хинди тілінің мәртебесіне ақша шашқан даңғойлығы сүйсінерлік-ақ.
Елдің жартысы жайлы білмедім, бірақ мен тұрып жатқан Тамилнад штатында көбісі сөйлемейді де, білмейді де. Білетіндер тек қана мемлекеттік қызметкерлер десем артық болмас.
Осындай іс-әрекеттерді көріп, өз ана тіліңе жаның қатты ашып кетеді екен((
balzaminka
12/09/2010 at 04:09