Өзбектерді келемеждеу
Бұл жазбаға түрткі болған бірнеше апта бұрын менің сүйікті блогымда жарияланған Linguistic nonsense in Samarkand атты жазба және сол жазбаның айналасындағы пікір-талас.
Аталған жазбаның ауторы Элиф Батуман атты жазушының жуықта шыққан The Possessed: Adventures with Russian Books and the People Who Read Them атты кітабын оқып жатқанын айта келе, Элифтің мұғалімі Диларомның өзбек тілі туралы ”дәрісінен” үзінді берген:
Persian, Dilorom told me, had only one word for crying, whereas Old Uzbek had one hundred. Old Uzbek had words for wanting to cry and not being able to, for being caused to sob by something, for loudly crying like thunder in the clouds, for crying in gasps, for weeping inwardly or secretly, for crying ceaselessly in a high voice, for crying in hiccups, and for crying while uttering the sound hay hay. Old Uzbek had special verbs for being unable to sleep, for speaking while feeding animals, for being a hypocrite, for gazing imploringly into a lover’s face, for dispersing a crowd.
«Парсы тілінде жылау деген сөз бір сөзбен ғана берілген, ал өзбек тілінде бұл сөз үшін жүз сөз бар. Ескі өзбек тілінде жылағысы келе тұрып жылай алмауды суреттейтін етістік болған, бір нәрсенің сыңсуға себеп болуын суреттейтін етістік, күн күркірегендей өкіріп жылауды, демала алмай жылау, іштей жылау немесе жасырын жылауды, тоқтамай шыңғырып жылауды, ықылық ата жылау, хэй-хэй дей отырып жылауды суреттейтін етістіктер болған. Ескі өзбек тілінде ұйықтай алмауды, жануарларды тамақтандырып жүріп сөйлеу, екібеткейлікті, сүйіктісінің бетіне жалынышпен қарауды, тобырды тарқатуды суреттейтін етістіктер болған»-депт і-мыс Диларом Элифке.
Аңқау Диларом кіммен істес болып отырғанын сезбестен, өзбек тілін асыра мақтап қойса керек, әрине, баяғы бақталасы тәжік тілімен салыстырмалы түрде. Дегенмен, Диларом осындай дүниелер айтты деп ойлайсыз ба? Меніңше, Бораттан шабыт алған Элифтің өзінің шатпағы!
Біздің елдердегі өзімізді өзіміз қайта тану әрекеттеріміздің барлығын “ұлтшылдық” деп бағалайтын америкалық аспиранттардың зерттеу әдістері біздің елдегі медициналық оқу орындарында “үшінші курстықтар симптомы” деп аталатын құбылысқа қатты ұқсайды. Смит пен Гельнердің ұлтшылдық теориясын барлығы біледі деп есептейтін сияқты жалпы.
Аталмыш жазбаның ауторы Диларомның мадақтау жырына күлкілі емес, аянышты деп баға беріп, байқұс өзбек әйелді “ұлтшыл, іріткі салғыш” деп жерден алып, жерге салыпты.
Дәл осы блогтың ауторы жазба ауторына кері сұрақ қойды: Өз тілін асыра мақтаған аңқау өзбек мұғалімі ұлтшыл деп аталса, іріткі салғыш деп таңбаланса, өзі әлі танып білмеген мәдениетті келемеждеп, оқырмандарына теріс хабар беруді ориенталистік деп неге атамасқа? Элифтің өзбек тілін жетістіріп үйренбегені айдан анық, сонда осыншама шатпақты Элиф қай түйсігімен түсініп қойды?
Кітапқа баға бергендердің барлығы өре тұрып қол соғып, Элифтің әзіл-оспағы керемет, жаңа жанр деп соғады:
This comedy of politeness is combined, when Batuman spends the summer in Uzbekistan, with the comedy of backwardness.
Бұл сыпайылық комедиясы, Батуманның Өзбекстанда өткізген жазы, яғни артта қалушылық комедиясымен жасақталған.
$10 тұрады екен атышулы кітабы, Амазоннан сатып алып оқыдым ерінбей. Еш қателеспеппін, бар жазғаны Бораттың киносынан еш аспайды, бар мақсаты-келемеждеу. Өз мұрындарынан асқанды тани қоймайтын кейбір америкалықтар үшін керемет болса керек.
Жергілікті мәдениетті “зерттеп” жүргендерді кездестірдіңіз бе? Диларомның күйін кешіп жүрмеңіз.
Өткенде қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің ағылшынша-қазақша сөздігін жасап жүрген америкалықтың Алматыда жүргенін естігенмін. Кітабын шығаруға демеуші іздеп жүр екен. Есіме, кезіндегі Затаевичтер оралып еді.
Осындай оқиғалардан соң Орта Азия елдеріне келген шетелдік зерттеушілердің ниетін алдын ала білетіндей бір жұмыстар жүргізілсе ғой дейсің…
urimtal
15/08/2010 at 10:09
Жазбаны “саяси дұрыстық” ниетімен бірнеше рет өзгертуіме тура келді. Шатасып қалған оқырмандардан кешірім сұраймын.
Дегенмен, біз мәдениетімізді зерттеп жатыр деп мәз болып жүргенде, жазбада айтылған мысал сияқты зерттеулердің нәтижесі керісінше болып жатқан жағдайлар аз емес.
Ал тұрақты тіркестер сөздігі қажет-ақ нәрсе, бірақ сондай жобаларды жергілікті мәдениетті немесе тілді жетік білетін мамандармен бірлесіп іске асырудан гөрі “зерттеушілер” жеке басының пайдасына асырғанды жөн көреді. Ағылшын тілінде “зерттеу гранттарының” арқасында шыққан қазақ тіліне байланысты еңбектердің барлығы қолданысқа жарамсыз. Неге? Себебі тілді шала-пұла үйреніп алып, өздерінің жеке басының пайдасы үшін жасай салған дүниелер. Өкінішті. Негізінде біреудің жеміне айналғанша сол дүниелерді өзіміз шығаруымыз керек.
Бұлармен салыстырғанда Затаевичтер зор еңбек атқарған сияқты, менің пікірімше. Бірақ кейін, жиналған халық әндері белгілі мекеменің назарына ілігіп, қуғынға ұшырағаны ол басқа тарихи жағдай.
sagym
15/08/2010 at 10:22