Тіл ұстарту

Ғаламтор мәдениетін силаңыз! Плагиатқа жол жоқ!

«Алға тарту» мен «көлденең тарту»

with 4 comments

1. Бірақ, сатушылар наразылықты жалғастыра береміз дегенді алға тартады.

2. Қоғам дамуы жаңа міндеттерді алға тартады.

3. Экономикалық тиімділік өз шарттарын алға тартады.

4. Барак Обамаға әлемдік сыйлықтың тым ерте берілгендігін айта келіп, оның аталған марапаты үшін әлі де жас екендігін алға тартады.

5. Сонымен қатар сарапшылар БАҚ өкілдері әмбебап, бірнеше тілді меңгерсе де артық етпейді деген ойларды да алға тартады.

6. Бұдан бөлек құқық қорғаушылар сөз бостандығына қатысты жағдай Қазақстанда тіпті сын көтермейтіндігін алға тартып отыр.

7. Роза Перусь бұл заттар өңірдегі мүгедектер мәселесін шешуге көмекетесетінін алға тартып отыр.

«Алға тарту» немесе «алға тартып отыр» деген сөз тіркестерін гуглдасаңыз, нәтижесі 43,000 -73,000-ға бірақ жетеді, яғни кеңінен қолданылып жүрген сөз байламы. Р. Сыздықованың Қазақша-Орысша сөздігінде бұл сөз байламы берілмеген. Орысша-Қазақша сөздіктен (Сауранбаев, 2005) қарап едім, одан да таппадым. БАҚ-тағы қолданып жүрген контексті бойынша орысшаға аударып көрсек, «объясняет» немесе « объясняет это тем…» сияқты, себебі көптеген мәтіндерде бұл тіркес «деген себеп айтты», «деп түсіндірді» деген мағынада қолданылып жүр.

Бұл сөз байланысының негізгі мағынасын, меніңше, орыс тіліндегі «продвигать», ағылшын тіліндегі «promote» сөздерімен аударуға болады. Көп жағдайларда «алға тарту» қате қолданылып жүрген жоқ па? Жоғарыдағы мысалдарға қарасаңыздар, тек қана 2-ші және 3-ші мысалдарда ғана бұл байлам өз мағынасында қолданылып тұрған сияқты. Осы көп тілшілер «алға тартуды» «көлденең тартудың» орнына қолданып кеткен жоқ па? Мысалы, жаңалықтарды тыңдасаңыздар, бұл сөз байламының жиі қолданылатыны соншалық, кейде тіпті ерсі естіледі. Мезі қылған “дегенді алға тартып отыр”, “дегенді айтады” дегеннің орнына “дейді”, “деп түсіндірді” деп айтуға болмас па екен? Осы бұрын солай деуші еді ғой. Аға буындағы тілшілер бұл туралы не айтар екен?

Written by sagym

14/08/2010 at 19:19

Posted in usage

4 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Тағы бір жиі кездесетін тіркес “болып табылады”. Гуглдатсақ млн.нан аса нәтиже шығады. Көп ретте сол “болып табыладыны” қолданбаса да болатынын, кей тілшілер ескере бермейтіні ойлантады. Меніңше, мәселе қазақтардың орыст тілін білгендіктен кейбір құбылыстар ми қатпарларында орысша ойланып, сұлбасы қазақша шығатындықтан. Таза қазақша ойлайтын қытайдан келген қандастарымыздың сөздік қорынан мұндай тіркес жиі ұшыраспайды. Бәлкім, мен білмейтін қазақшаланған қытай ой орамдары бар болар… :)

    urimtal

    15/08/2010 at 10:15

    • Иә, бұл құбылыс басқа тілдердің біздің тіліміздің табиғатына қатты әсер етуінің көрінісі. Аудару саласындағы жағдай тіпті аянышты. Тағы бір себебі, қазақ тілді журналистика сапасының төмендігі, тілшілердің өзіндік стилін қалыптастыру ниетінің мүлде жоқтығы. Біреудің артынан тотықұс сияқты бір тақырыпты, бір сөздерді қайталай беру әдеті.

      sagym

      15/08/2010 at 10:58

  2. [...] или процесс изменения слов и фраз. Во вчерашней заметке я попыталась проанализровать появление нового [...]

  3. [...] или процесс изменения слов и фраз. Во вчерашней заметке я попыталась проанализировать появление нового [...]


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.