Қазақ тілін оқитын шетелдіктер
ҚАЗАҚ ТІЛІН КӘРІСТЕР ҮЙРЕНІП ЖАРЫТПАП ЕДІ ЕНДІ БІЗДІҢ ТІЛГЕ АМЕРИКА ӘСКЕРИЛЕРІ КІРІСІПТІ
Намыс kz жазбасын осылай атапты, бірақ ақпаратты қайдан алғанын көрсетпепті. Америка әскерлеріне тіл үшін $500 төлейтіні рас болса, шетел тілін үйренуге жақсы стимул екен.
Қазақ тілін үйреніп “зерттеу” жасап жүрген америкалықтар үйреншікті болып кетті. Оларды жер көкке сиғызбай мақтап, газеттен газетке жазып, телеарна қалмай көрсетіп, «жұлдыз» еттік. Өз басым осы ”шаруамен” тікелей айналыстым! Ауыз екі қазақ тілін үйреніп алып, қазақтардың қонақжайлығының пайдасын көріп жүрген америкалықтар де жетеді. Ал кейбіреулері тіпті түбіне жетіп үйреніп алады. «Неге» деген сұрақ мені де көп мазалайтын.
Бұл құбылысқа кеңестік КГБ нің конспиративтік идеологиясы тұрғысынан күдікпен қарау керек пе әлде «осы біз неге басқа тілді үйренеміз, сол сияқты» деп қарау керек пе? Ал қазақ тілін үйреніп алған әскерлер не себепті қауіпті болуы тиіс? Қазақстанға басқыншылық соғыспен келіп, бытырлатып қазақша боқтайды деп қорқамыз ба, әлде тыңшылық әрекет жасайды деп қорқамыз ба? Тыңшылар керекті ақпаратты қазақша білмесе де тауып алады. Жұмыстары сол. Осы біз көлеңкемізден қорқатын болғанбыз ба? Тым құпияшыл, тым күдікшіл емеспіз бе?
Бірде «Қырғызстанға барып дін зерттеймін» деп танысқан бір америкалық студент қызбен Орта Азиядағы дін жайлы әңгіме қозғадым. Америкалық миссионерлер туралы жағымсыз ойымды білдіргенде, ол қыз маған қарсы сұрақ қойды: «Америкалықтар келіп басқа дін қабылда деді екен деп қабылдай жөнелесіңдер ме, төтеп беру (resistance) неге жоқ? Сонда қазақтардың өздерінің өз сеніміне, өз мәдениетіне беріктігі болмағаны ғой»- деп шыға келді. Сол сәтте миссионерлердің елдегі әлеуметтік жағдайды пайдаланып кеткенін көлденең тартып, дес бермесем де, өзім бұл сұрақтың негізсіз емес екенін іштей мойындадым.
Осы жазбаны оқып отырған америкалықтар болса (бар болу керек), пікірлеріңізді жазыңыздаршы, осы сіздер қазақ тілін не үшін оқисыздар?
Қазақ тілін үйренушілерді барынша қолдау керек. Мәселе не үшін үйренетінінде емес.
Gastarbaiter
06/07/2010 at 09:16
Әр адамның ниетін тану қиын. Егер мемлекет оқытып жатса, онда мемлекеттік саясат екені түсінікті. Менің түсінігімде, саясат күнде өзгереді. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Кез келген тілдің коммуникативті фукциясы болатын болса, тілді меңгергендер көбейген сайын қазақ тілінің де сол қызметі күшейе түседі деген сөз. Сондықтан қазақ тілін үйренгісі келген адамға көмектескенді қолдаймын. Ал оның тілді қандай мақсатта қолданатыны (жақсы, жаман) әрқашан даулы тақырып. Қазақ тілін үйренген өзге ұлттың өкілі дұшпандық пиғылын да, достық пиғылын да танытуы мүмкін.
Алматыда қазақ тілін жетік меңгерген шетелдік журналисті білемін. Оның мақсаты қазақ қоғамындағы жағдайды орыс тілі арқылы емес, қазақ тілі арқылы түсіну. Бірақ, ғалымдар журналистерді адам қатарына жатқызбайды
urimtal
06/07/2010 at 12:04