Глобиш кітабы туралы
Жуықта шыққан Глобиш кітабы көптеген ағылшын тіл мамандарының қытығына тиіп болды. Мына мақалада белгілі тіл маманы Джон МакУортер кітаптың ауторын мықтап сынаған екен. Қысқасы, кітаптың ауторы Роберт МакГрум (тілші) бұл еңбегінде ағылшын тілінің жаһандануы оның басқа тілдерден ерекшелігі мен бірегейлігінің арқасы деп соғады. Бұл пікір не нәрсені иеленіп алуға дайын тұратын ұлтшылдарға майдай жаққанымен, тіл саласында тер төгіп жүрген ғалымдарға мүлде ұнамаса керек.