Тіл ұстарту

Ғаламтор мәдениетін силаңыз! Плагиатқа жол жоқ!

Аударма мәселелері туралы.

with 5 comments

Күндердің күнінде тіл мамандарының назарына ілігеміз деген үмітпен блогты әрі қарай жалғастырамыз.

Басқа тілдерден қазақ тіліне аударудағы тәржімелік олқылықтар халықаралық деңгейге шығып кеткені өкінішті. Дегенмен, қазақ тілінің қазіргі жағдайын зерттеуге табылмайтын материал деп жағымды жағын тапқан болайық.

 Төмендегі екі мысалды бір сайттың алғы бетінен тауып алдым.

1)      Біз сізге біздің Құпиялық саясатымызды жүктеп алуыңызды сұраймыз.

 2)      Қызметке деген адалдықтың жоғары деңгейін және ерекше беріктікті ұстана отырып компания өз клиенттерін мақтан тұта отырып құрды.Тұрақты клиент ретінде олар біздің ең үлкен құндылықтарымыз.

Бірінші мысал неге ерсі естіледі? Біріншіден,  сөйлем мүшелері қате байланыстырылған. Біз есімшесі сұраймыз етістігімен матаса байланысып тұр. Ал сұрау етістігі салт етістік, әдетте шығыс септігіндегі зат есімдерді меңгереді (К.Аханов 1973, 475-бет.). Бұған қоса «тұрақты сөз тіркестері» (collocations) деген ұғымның сөйлем құрамындағы орнын еске сала кету дұрыс болар. Яғни, сізден/одан/олардан/Жанардан сұраймыз деген бар, ал сізге/оған/оларға/бізге/ Жанарға сұраймыз деген сөз тіркесі қолданыста жоқ.

Екінші мысал аудармашының сөз таңдау түйсігінің жоқтығының нәтижесі десе де болады. Бір қарағанда сөйлемнің құрылымы дұрыс көрінгенімен, клиенттерді құру деген сөз тіркесі (build a clientele  тіркесінің тура аудармасы) сөйлемнің мағынасына үлкен нұқсан келтіріп тұр. Ал клиентті ең үлкен құндылық деп санау тіпті ерсі сияқты. Аудармашының айтпағы клиентті бағалаймыз болуы керек.

Әрине, егер аудармашы оқырмандарымен санасқанда, қазақтардың құлағына табиғи естілетін нұсқасын беруге тырысар еді. Бар бәле осында: аудармашылар оқырманмен санаспайды, ал шетелдік компаниялар бұндай аудармаларды дәл осы деңгейдегі басқа аудармашыға тексертеді. Айналып келгенде баяғы сол мәселе: аударма саласында  қазақ тілді аудармашылар жоқтың қасы. Мына сөйлемдерден орыс тілінің иісі мүңкіп тұр.

Written by sagym

04/07/2010 at 19:41

Posted in syntax, translation, usage

5 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. Дұрыс айтасыз.

    aral53

    07/07/2010 at 17:59

  2. КЕйде осындай аударма немесе сауатсыз жазылған ресми құдаттарды оқып отырып: “Қазақшам нашар ма?” деген сұрақ туады.

  3. [компания өз клиенттерін мақтан тұта отырып құрды]
    :) ))) Түпнұсқасын көретін екен.

    Тупак Амару

    12/07/2010 at 04:19

    • Түп нұсқасы міне.
      the company has proudly built a clientele who trust our firm explicitly with their projects and personal information.
      Меніңше аудармашы мүлдем лағып кеткен.

      sagym

      12/07/2010 at 08:17

  4. өте дұрыс талданған деп ойлаймын. негізінде аудармашыларды кәсібіне бейімдер кезінде бірінші сөйлем құрылысын оқыту керек сияқты және көп аударма жасату керек.

    Галия

    23/01/2011 at 19:47


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.