Тіл ұстарту

Ғаламтор мәдениетін силаңыз! Плагиатқа жол жоқ!

Аударғанда адасқан

with 12 comments

Lost in translation киносының атын орыс тіліне аударғанда «Трудности перевода» деп аударған. Орыс тіліндегі “потеряно при переводе» деген сөз орамы аудармада жіберілетін олқылықтарға қатысты қолданатын терминдік атау бола тұра неге басқаша аударылғанын қайдам, әйтеуір тілмаштар біраз уақытқа дейін киноның қазіргі аудармасының шаңын тәуір қақты.

Меніңше қазақ тіліне бұл терминдік атау ауадай қажет. Осы сөз орамының қазақша баламасын тауып көрейік: аудармада адасқан, аударма кезінде жоғалған…, тағы басқа баламалар табылып қалар. Ағылшын тілінен басқа тілдерге аударғанда пайда болған олқылықтар ағылшын тілін ана тілі санайтын ұлт өкілдерінің шетелде жүргенде көңілін көтеріп, ол туралы тіпті кітап шығарып жатса, қазақ тіліне аударғанда адасып кеткен мәтіндер өз елімізде шешілмес мәселеге айналған. Қазақстандағы Мемлекеттік тілді «қорлау»  туралы жабыла жазса да, ашына жазса да “биттей өріп тұрған” «аударғанда адасқан» жарнамалар мен жазбалар туралы Азаттықта өткен жазда басылған мына бір мақалада Ақыл Қожаұлы тамаша мысалдар беріпті.  

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының төрағасы Берік Әбдіғалиев «аударғанда адасқан жарнамалармен»  «Қоғамдық тіл инспекциясы» фотобайқауы арқылы күреспекші.  Бұл байқау әрбір үш ай сайын Айқын газетінде жарияланып тұрмақшы болатын. Әзірше ешқандай қозғалыс байқалмайды.

Мүмкін бізге де Чарли Крокерден  үлгі алып, Қазақстан көшелерінде қаптап тұрған «лағып кеткен аудармаларды»  жинақтап бір сайт ашу керек шығар. Түртіп жүргендеріңіз болса, пікір қалдыратын жерге жазып кетіңіздер, бір сайтқа жинап қояйық.

To read the post in English, click here.

Written by sagym

26/12/2009 at 20:43

12 жауап

Subscribe to comments with RSS.

  1. moblog.kz сайтына анда-санда көшеде байқап қалған қателерді жариялап тұрамыз. мысалы, мынадай http://moblog.kz/users/Quessir
    немесе блогтарда да бұрын көп жарияланатын http://nazarda.wordpress.com/

    arsenal777

    26/12/2009 at 21:11

    • Мына блогтарды көрмеппін. Тамаша бастама, жалғастыру керек.

      sagym

      27/12/2009 at 08:14

  2. Умберто Эконың осы кітабын оқыдыңыз ба? жоқ сияқты, іздеп қарасам.

    arsenal777

    26/12/2009 at 21:19

    • Оқыдым. Әсіресе бірінші бөлімі аудармашыларға қызық болуы мүмкін. Екінші бөлімі мұғалімдерге жақсы. Алматының дүкендерінде әлі жоқ шығар, бірақ Москвадан алғызуға болатын шығар. Набоковтың Евгений Онегинді ағылшын тіліне аударғаны туралы мақаласы да жақсы жазылған. Меніңше бұл екі жазушының өздері екі тілді жетік (екі-тілділік) білгендері аударма саласына аздаған өзгерістер енгізуіне мүмкіндік берген.

      sagym

      27/12/2009 at 08:30

  3. Flickrden арнайы бөлім ашсақ болады. Сол жерде сосын элеткронды пошта береді. Кейін бәріміз сол адреске қалтафон арқылы суретті жіберсек, жинала берер. Алайда оған қарағанда moblog ыңғайлы тәрізді.

    urimtal

    27/12/2009 at 15:48

    • Moblog туралы білмей қалдым, сол блогты дамыта беру керек.

      sagym

      27/12/2009 at 17:10

  4. Қалай қарайсыз?
    Lost in translation:

    Тілмаштық қателіктер
    Тәржімелік ысыраптар
    Аудармалық аңғырттық

    Бақсы

    27/12/2009 at 16:10

    • Үшеуі де жақсы, бірақ бұл сөз орамының ағылшын тіліндегі түп нұсқасында зат есім жоқ, сын есім ретінде қолданылатын идиомалық орам. Орыс тіліндегісін тарихын білмедім, калькамен аударылған ба әлде өзі пайда болған түсінік пе, қарап көру керек.

      sagym

      27/12/2009 at 17:15

  5. “Трудности перевода” деген аударма теориясында қолданылатын термин болғандықтан, қоя салған ғой. Жалпы, мәтіннің негізгі бөлігінен гөрі, тақырыбын аудару қиын болады.

    “Аударманың қызық-шыжықтары” дегенге не дейсіңдер? :)

    Тупак Амару

    30/12/2009 at 09:56

    • Сонымен бес аударма ұсынылды:
      Аудармада адасқан/жоғалған
      Аударманың қызық-шыжықтары
      Тілмаштық қателіктер
      Тәржімелік ысыраптар
      Аудармалық аңғырттық

      Тағы қандай ұсыныстар болар екен?

      sagym

      30/12/2009 at 13:54

  6. Аударма ауытқулары
    Аударма машақаты

    Altuha

    16/02/2010 at 11:47


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.