Тіл ұстарту

Плагиатқа қарсы күрес мүшесімін!!!

Дa-де, та-те шылаулары

with 6 comments

Тіл негіздеріне арналған көрнекті еңбектер баршылық, бірақ қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тағы бір қолға алынбаған мәселесі- қазақ тілінің граматикасын қолдану тұрғысынан суреттейтін еңбектердің тапшылығы. Кэмбридж университетінің баспасынан шыққан English Grammar in Use сияқты кітаптардың тіл үйренушілерге көмегі зор. Мұндай құралдардың мақсаты граматикалық құрылымдарды қысқаша суреттеп, қызметін көрсету және қолданысын жаттығулармен бекіту.

Бірде бір америкалық әріптесім  Барлығын да уақыт көрсетеді деген сөйлемдегі да шылауының қызметі қандай деп сұрады. Да- де, та-те шылауларының мен де бардым, Арман да барды деген тіркестердегі қызметі түсінікті. Ал осы шылаудың барлығын да уақыт көрсетеді деген сөйлемдегі барлығын сөзімен байланысы мен сөйлемдегі атқарып тұрған  қызметін қалай түсіндіруге болады? Осы туралы ойларыңызды жазсаңыздар.

Written by sagym

16/12/2009 at 14:16

Posted in syntax

6 Responses

Subscribe to comments with RSS.

  1. мына жердегі “барлығын да уақыт көрсетеді” деген фразаны орысшадан тікелей аударған секілді. негізінде, ол шылаудың қажеті жоқ (постыңызды оқып отырып, солай түсіндім, әйтеуір ;) )

    arsenal777

    16/12/2009 at 19:13

    • Орысшадан тура аударылуы мүмкін. Бірақ орысшасында (все покажет время) ешқандай қосымша шылау жоқ. Барлығын сөзі осы шылаумен жиі қолданылады. Гуглдап қарасаңыз басқа контексте қолданылған түрлерін де көресіз. Күшейтіп тұр дейін десем, барлығын деген сөздің өзі күшті сөз.

      sagym

      16/12/2009 at 21:46

  2. Менің ойымша, бұл жердегі “да” шылауы “Барлығы” деген сөзге екпін беріп тұр. Егер ол болмаса, логикалық тұрғыдан екпін “уақыт” дегенге түседі. Сондықтан айтушы “Әліптің артын бақ, барлығын уақыт көрсетеді” деген ойды жеткізу үшін ауызекі тілде “Барлығын да уақыт көрсетеді” деп айтады деп ойлаймын.

    urimtal

    21/12/2009 at 05:40

    • Бәрекелді, Асқат. Тіл негіздерін жақсы оқығансың ғой. Пікірің дұрыс сияқты. Екпінмен түсіндіруге болады. Тағы пікірлер бола ма деп күтіп едім, болмады. Балақаев, Кеңесбаветар не жазды екен бұл туралы? Менде Ақанов 1973 бар (папамдікі), бірақ шылаулар туралы таба алмадым.

      sagym

      23/12/2009 at 22:31

  3. Меніңше ,,мен де бардым, Арман да барды,, деген мағынамаен бірдей. Тек ,, барлығын да,, деген сөз тіркесінің қарама карсысы – ,,жоқтықты да,,.

    Бақсы

    27/12/2009 at 16:33

    • “барлығын” деген сөзді “да” шылауынсыз да қолдануға болады ғой, Арсенал777 айтқандай. Ал екеуі бірге қолданылғанда “да” шылауының қызметін түсіндіру қиын. Асқаттың пікірі жақындау сияқты, бірақ көздерді қарап көрсе жақсы болар еді.

      sagym

      27/12/2009 at 18:54


Leave a Reply