Самый популярный лингвистический блог
Language Log - cамый популярный лингвистический блог на английском языке. Основателями блога являются фонетик Пенсильванского Университете Марк Либерман и профессор общей лингвистики Эдинбургского Университета Джеффри Поллак. Согласно википедии, с августа 2007 года блог посещают в среднем 9000 читателей в день. В блоге регулярно пишут такие авторы как Бен Зиммер, Виктор Мэйер, Джон Мак Уортер и др.
Авторы пишут на разные темы, но излюбленными темами авторов можно назвать использование языка в прессе и популярной культуре, описывающий/предписывающий подходы к языку.
Этот блог также известен вводом двух неологизмов в лингистический дискурс: слова eggcorn и snowclone, «отчеканенные» Марком Либерманом и Джеффри Поллаком, стали общеупотребительными терминами в англоязычной лингвистике. Не знаю, существуют ли данные термины в русском языке. Например, слово eggcorn означает замену слова или фразы идентично звучащими словами или фразами в определенном диалекте. Новое значение отличается от прежнего, но вполне убедительно звучит в том же контескте. А слово snowclone употребляется как клише или фразовый шаблон, который можно заполнить разными вариантами.
С удовольствием читаю заметки, где авторы анализируют новое или неправильное использование слов и фраз в прессе и популярной культуре. Авторы очень часто используют гугл или архив газеты NYT в качесте языкового корпуса для демонстрации использования слов или фраз в том или ином контексте.
К сожалению, для анализа казахского языка пока нет таких условий. Например, если бы такие газеты как Қазақ Әдебиеті имели электронную версию, скажем, за последние 10 лет, языковеду уже было бы легче отследить развитие или процесс изменения слов и фраз. Во вчерашней заметке я попыталась проанализировать появление нового использования выражения «алға тарту», но к сожалению отследить развитие словосочетания не удается за неимением систематизированного корпуса языка.
Өзбектерді келемеждеу
Бұл жазбаға түрткі болған бірнеше апта бұрын менің сүйікті блогымда жарияланған Linguistic nonsense in Samarkand атты жазба және сол жазбаның айналасындағы пікір-талас.
Аталған жазбаның ауторы Элиф Батуман атты жазушының жуықта шыққан The Possessed: Adventures with Russian Books and the People Who Read Them атты кітабын оқып жатқанын айта келе, Элифтің мұғалімі Диларомның өзбек тілі туралы ”дәрісінен” үзінді берген:
Persian, Dilorom told me, had only one word for crying, whereas Old Uzbek had one hundred. Old Uzbek had words for wanting to cry and not being able to, for being caused to sob by something, for loudly crying like thunder in the clouds, for crying in gasps, for weeping inwardly or secretly, for crying ceaselessly in a high voice, for crying in hiccups, and for crying while uttering the sound hay hay. Old Uzbek had special verbs for being unable to sleep, for speaking while feeding animals, for being a hypocrite, for gazing imploringly into a lover’s face, for dispersing a crowd.
«Парсы тілінде жылау деген сөз бір сөзбен ғана берілген, ал өзбек тілінде бұл сөз үшін жүз сөз бар. Ескі өзбек тілінде жылағысы келе тұрып жылай алмауды суреттейтін етістік болған, бір нәрсенің сыңсуға себеп болуын суреттейтін етістік, күн күркірегендей өкіріп жылауды, демала алмай жылау, іштей жылау немесе жасырын жылауды, тоқтамай шыңғырып жылауды, ықылық ата жылау, хэй-хэй дей отырып жылауды суреттейтін етістіктер болған. Ескі өзбек тілінде ұйықтай алмауды, жануарларды тамақтандырып жүріп сөйлеу, екібеткейлікті, сүйіктісінің бетіне жалынышпен қарауды, тобырды тарқатуды суреттейтін етістіктер болған»-депт і-мыс Диларом Элифке.
Аңқау Диларом кіммен істес болып отырғанын сезбестен, өзбек тілін асыра мақтап қойса керек, әрине, баяғы бақталасы тәжік тілімен салыстырмалы түрде. Дегенмен, Диларом осындай дүниелер айтты деп ойлайсыз ба? Меніңше, Бораттан шабыт алған Элифтің өзінің шатпағы!
Біздің елдердегі өзімізді өзіміз қайта тану әрекеттеріміздің барлығын “ұлтшылдық” деп бағалайтын америкалық аспиранттардың зерттеу әдістері біздің елдегі медициналық оқу орындарында “үшінші курстықтар симптомы” деп аталатын құбылысқа қатты ұқсайды. Смит пен Гельнердің ұлтшылдық теориясын барлығы біледі деп есептейтін сияқты жалпы.
Аталмыш жазбаның ауторы Диларомның мадақтау жырына күлкілі емес, аянышты деп баға беріп, байқұс өзбек әйелді “ұлтшыл, іріткі салғыш” деп жерден алып, жерге салыпты.
Дәл осы блогтың ауторы жазба ауторына кері сұрақ қойды: Өз тілін асыра мақтаған аңқау өзбек мұғалімі ұлтшыл деп аталса, іріткі салғыш деп таңбаланса, өзі әлі танып білмеген мәдениетті келемеждеп, оқырмандарына теріс хабар беруді ориенталистік деп неге атамасқа? Элифтің өзбек тілін жетістіріп үйренбегені айдан анық, сонда осыншама шатпақты Элиф қай түйсігімен түсініп қойды?
Кітапқа баға бергендердің барлығы өре тұрып қол соғып, Элифтің әзіл-оспағы керемет, жаңа жанр деп соғады:
This comedy of politeness is combined, when Batuman spends the summer in Uzbekistan, with the comedy of backwardness.
Бұл сыпайылық комедиясы, Батуманның Өзбекстанда өткізген жазы, яғни артта қалушылық комедиясымен жасақталған.
$10 тұрады екен атышулы кітабы, Амазоннан сатып алып оқыдым ерінбей. Еш қателеспеппін, бар жазғаны Бораттың киносынан еш аспайды, бар мақсаты-келемеждеу. Өз мұрындарынан асқанды тани қоймайтын кейбір америкалықтар үшін керемет болса керек.
Жергілікті мәдениетті “зерттеп” жүргендерді кездестірдіңіз бе? Диларомның күйін кешіп жүрмеңіз.
Хинди тілінің асқақ мәнсабы
“The Economist” газетінің Johnson атты тіл блогында хинди тілінің асқақ мәнсабы туралы мақала жарық көрді. Жаңадан дамып келе жатқан экономикалық алыптардың төрт күл дүниені мойындату бағдарламасынан өз тілдерін алға тарту мәселесі де тыс қалмаған екен. Үндістан саясатшыларының хинди тілін (Біріккен) Ұлттар Ұйымының ресми тілдер қатарына енгізу үшін аударма мен тәржімелеу қызметтеріне 14 милион $ жұмсамақ. Мәнсаптары шектен асатын, не нәрсе туралы даңғаза да есерсоқ шешімдер қабылдайтын жаңа экономика өкілдеріне дәстүрлі экономика өкілдері елдің қақ жартысы сөйлемейтін хинди тілін мойындату үшін осыншама қаржы шашу орынды ма деген өте орынды сұрақ қояды.
Қазақ тілінің оқулықтарын дайындауға бір миллион да жетер еді. Тілді көтергісі келген өкімет жолын тауып көтереді ғой. Үндістан саясатшыларының Швейцариядағы сарайларға емес, хинди тілінің мәртебесіне ақша шашқан даңғойлығы сүйсінерлік-ақ.
Аударғанда адасқан
«Stained glass windows» (витражное стекло) дегенді «ақшулан терезелер шынылары» деп тәржімелеген аудармашыға не айтасыз? Қалай ойлайсыздар, аудармашының «ақшулан» сөзін “түрлі-түсті әйнектер” мағынасында қолдануына не нәрсе түрткі болған ? Ильф пен Петровтың «12 орындығындағы » шабыты келгенде аузына келген сөзді қолдана салатын Ляпис атты ақын типтес аудармашы болса керек.
Вы писали этот очерк в “Капитанском мостике”?
– Я писал.
– Это, кажется, ваш первый опыт в прозе? Поздравляю вас! “Волны перекатывались через мол и падали вниз стремительным домкратом…” Ну, удружили же вы “Капитанскому мостику”! “Мостик” теперь долго вас не забудет, Ляпис!
– В чем дело?
– Дело в том, что… Вы знаете, что такое домкрат?
– Ну, конечно, знаю, оставьте меня в покое…
– Как вы себе представляете домкрат? Опишите своими словами.
– Такой… Падает, одним словом.
“Курочка и тихоокеанский петушок” тарауынан.
«Алға тарту» мен «көлденең тарту»
1. Бірақ, сатушылар наразылықты жалғастыра береміз дегенді алға тартады.
2. Қоғам дамуы жаңа міндеттерді алға тартады.
3. Экономикалық тиімділік өз шарттарын алға тартады.
4. Барак Обамаға әлемдік сыйлықтың тым ерте берілгендігін айта келіп, оның аталған марапаты үшін әлі де жас екендігін алға тартады.
5. Сонымен қатар сарапшылар БАҚ өкілдері әмбебап, бірнеше тілді меңгерсе де артық етпейді деген ойларды да алға тартады.
6. Бұдан бөлек құқық қорғаушылар сөз бостандығына қатысты жағдай Қазақстанда тіпті сын көтермейтіндігін алға тартып отыр.
7. Роза Перусь бұл заттар өңірдегі мүгедектер мәселесін шешуге көмекетесетінін алға тартып отыр.
«Алға тарту» немесе «алға тартып отыр» деген сөз тіркестерін гуглдасаңыз, нәтижесі 43,000 -73,000-ға бірақ жетеді, яғни кеңінен қолданылып жүрген сөз байламы. Р. Сыздықованың Қазақша-Орысша сөздігінде бұл сөз байламы берілмеген. Орысша-Қазақша сөздіктен (Сауранбаев, 2005) қарап едім, одан да таппадым. БАҚ-тағы қолданып жүрген контексті бойынша орысшаға аударып көрсек, «объясняет» немесе « объясняет это тем…» сияқты, себебі көптеген мәтіндерде бұл тіркес «деген себеп айтты», «деп түсіндірді» деген мағынада қолданылып жүр.
Бұл сөз байланысының негізгі мағынасын, меніңше, орыс тіліндегі «продвигать», ағылшын тіліндегі «promote» сөздерімен аударуға болады. Көп жағдайларда «алға тарту» қате қолданылып жүрген жоқ па? Жоғарыдағы мысалдарға қарасаңыздар, тек қана 2-ші және 3-ші мысалдарда ғана бұл байлам өз мағынасында қолданылып тұрған сияқты. Осы көп тілшілер «алға тартуды» «көлденең тартудың» орнына қолданып кеткен жоқ па? Мысалы, жаңалықтарды тыңдасаңыздар, бұл сөз байламының жиі қолданылатыны соншалық, кейде тіпті ерсі естіледі. Мезі қылған “дегенді алға тартып отыр”, “дегенді айтады” дегеннің орнына “дейді”, “деп түсіндірді” деп айтуға болмас па екен? Осы бұрын солай деуші еді ғой. Аға буындағы тілшілер бұл туралы не айтар екен?
Қазақ тілін оқитын шетелдіктер
ҚАЗАҚ ТІЛІН КӘРІСТЕР ҮЙРЕНІП ЖАРЫТПАП ЕДІ ЕНДІ БІЗДІҢ ТІЛГЕ АМЕРИКА ӘСКЕРИЛЕРІ КІРІСІПТІ
Намыс kz жазбасын осылай атапты, бірақ ақпаратты қайдан алғанын көрсетпепті. Америка әскерлеріне тіл үшін $500 төлейтіні рас болса, шетел тілін үйренуге жақсы стимул екен.
Қазақ тілін үйреніп “зерттеу” жасап жүрген америкалықтар үйреншікті болып кетті. Оларды жер көкке сиғызбай мақтап, газеттен газетке жазып, телеарна қалмай көрсетіп, «жұлдыз» еттік. Өз басым осы ”шаруамен” тікелей айналыстым! Ауыз екі қазақ тілін үйреніп алып, қазақтардың қонақжайлығының пайдасын көріп жүрген америкалықтар де жетеді. Ал кейбіреулері тіпті түбіне жетіп үйреніп алады. «Неге» деген сұрақ мені де көп мазалайтын.
Бұл құбылысқа кеңестік КГБ нің конспиративтік идеологиясы тұрғысынан күдікпен қарау керек пе әлде «осы біз неге басқа тілді үйренеміз, сол сияқты» деп қарау керек пе? Ал қазақ тілін үйреніп алған әскерлер не себепті қауіпті болуы тиіс? Қазақстанға басқыншылық соғыспен келіп, бытырлатып қазақша боқтайды деп қорқамыз ба, әлде тыңшылық әрекет жасайды деп қорқамыз ба? Тыңшылар керекті ақпаратты қазақша білмесе де тауып алады. Жұмыстары сол. Осы біз көлеңкемізден қорқатын болғанбыз ба? Тым құпияшыл, тым күдікшіл емеспіз бе?
Бірде «Қырғызстанға барып дін зерттеймін» деп танысқан бір америкалық студент қызбен Орта Азиядағы дін жайлы әңгіме қозғадым. Америкалық миссионерлер туралы жағымсыз ойымды білдіргенде, ол қыз маған қарсы сұрақ қойды: «Америкалықтар келіп басқа дін қабылда деді екен деп қабылдай жөнелесіңдер ме, төтеп беру (resistance) неге жоқ? Сонда қазақтардың өздерінің өз сеніміне, өз мәдениетіне беріктігі болмағаны ғой»- деп шыға келді. Сол сәтте миссионерлердің елдегі әлеуметтік жағдайды пайдаланып кеткенін көлденең тартып, дес бермесем де, өзім бұл сұрақтың негізсіз емес екенін іштей мойындадым.
Осы жазбаны оқып отырған америкалықтар болса (бар болу керек), пікірлеріңізді жазыңыздаршы, осы сіздер қазақ тілін не үшін оқисыздар?
Глобиш кітабы туралы
Жуықта шыққан Глобиш кітабы көптеген ағылшын тіл мамандарының қытығына тиіп болды. Мына мақалада белгілі тіл маманы Джон МакУортер кітаптың ауторын мықтап сынаған екен. Қысқасы, кітаптың ауторы Роберт МакГрум (тілші) бұл еңбегінде ағылшын тілінің жаһандануы оның басқа тілдерден ерекшелігі мен бірегейлігінің арқасы деп соғады. Бұл пікір не нәрсені иеленіп алуға дайын тұратын ұлтшылдарға майдай жаққанымен, тіл саласында тер төгіп жүрген ғалымдарға мүлде ұнамаса керек.
Аударма мәселелері туралы.
Күндердің күнінде тіл мамандарының назарына ілігеміз деген үмітпен блогты әрі қарай жалғастырамыз.
Басқа тілдерден қазақ тіліне аударудағы тәржімелік олқылықтар халықаралық деңгейге шығып кеткені өкінішті. Дегенмен, қазақ тілінің қазіргі жағдайын зерттеуге табылмайтын материал деп жағымды жағын тапқан болайық.
Төмендегі екі мысалды бір сайттың алғы бетінен тауып алдым.
1) Біз сізге біздің Құпиялық саясатымызды жүктеп алуыңызды сұраймыз.
2) Қызметке деген адалдықтың жоғары деңгейін және ерекше беріктікті ұстана отырып компания өз клиенттерін мақтан тұта отырып құрды.Тұрақты клиент ретінде олар біздің ең үлкен құндылықтарымыз.
Бірінші мысал неге ерсі естіледі? Біріншіден, сөйлем мүшелері қате байланыстырылған. Біз есімшесі сұраймыз етістігімен матаса байланысып тұр. Ал сұрау етістігі салт етістік, әдетте шығыс септігіндегі зат есімдерді меңгереді (К.Аханов 1973, 475-бет.). Бұған қоса «тұрақты сөз тіркестері» (collocations) деген ұғымның сөйлем құрамындағы орнын еске сала кету дұрыс болар. Яғни, сізден/одан/олардан/Жанардан сұраймыз деген бар, ал сізге/оған/оларға/бізге/ Жанарға сұраймыз деген сөз тіркесі қолданыста жоқ.
Екінші мысал аудармашының сөз таңдау түйсігінің жоқтығының нәтижесі десе де болады. Бір қарағанда сөйлемнің құрылымы дұрыс көрінгенімен, клиенттерді құру деген сөз тіркесі (build a clientele тіркесінің тура аудармасы) сөйлемнің мағынасына үлкен нұқсан келтіріп тұр. Ал клиентті ең үлкен құндылық деп санау тіпті ерсі сияқты. Аудармашының айтпағы клиентті бағалаймыз болуы керек.
Әрине, егер аудармашы оқырмандарымен санасқанда, қазақтардың құлағына табиғи естілетін нұсқасын беруге тырысар еді. Бар бәле осында: аудармашылар оқырманмен санаспайды, ал шетелдік компаниялар бұндай аудармаларды дәл осы деңгейдегі басқа аудармашыға тексертеді. Айналып келгенде баяғы сол мәселе: аударма саласында қазақ тілді аудармашылар жоқтың қасы. Мына сөйлемдерден орыс тілінің иісі мүңкіп тұр.
БАҚ және тіл саясаты
Байқасаңыздар көптеген адамдар бір болмашы тақырыпқа қатысты ойларын жеткізе алмай қасаң тілденіп тұрғаны, радиодан да, теледидардан да. Бұл жалпы білім деңгейінің төмендігі ме әлде қазақ тілінің шорқақтанып бара жатқаны ма?
Жалпы кез-келген елдің ішкі-сыртқы саясатында БАҚтың алар орны ерекше, ең маңызды десе де болады. Сол елдің тілін насихаттайтын да бірден бір құрал БАҚ: сауатты және әдемі сөйлеу үлгісі радио мен теледидар арқылы тараса, баспалар жазба тілінің мәдениетін таратушылар болып табылатыны белгілі.
Қазақ тіліндегі радиоларды тыңдайсыз ба?
Басқа радиоларды ғаламтор арқылы тыңдауға мүмкіндік жоқ болғандықтан ең көп тыңдайтыным Азаттық. Өкініштісі, техникалық мүмкіндіктері зор Азаттық тыңдармандары мен оқырмандарына қазақша сапалы хабар таратуға мүдделі емес, уақыт үнемдеуге ғана мүдделі сияқты. Әсіресе кейбір тілшілердің қақалып-шашалып, сөзінің басы бар аяғы жоқ, артынан тура біреу қуып келе жатқандай сөйлеу мәнері тыңдарманның барлық ынтасын жойып жібереді. Тіпті ең маңызды деген дөңгелек үстел бағдарламасын жүргізушісінің неге соншама абдырайтынын түсінбей-ақ қойдым. Және кейде дөңгелек үстелді басынан аяғына дейін орысша жүргізетіні тағы бар. Басқа бағдарламаларда да орысша берілген сұхбаттар қазақ тіліне мүлдем аударылмайды; елдің барлығы орыс тілін түсінеді дегендей. Шетелде тұратын қазақтар ше? Жарайды, олардың көңілінен шығу маңызды болсмасын дейік, онда Азаттықтың орыс бөлімінің не қажеті бар? Осының өзі осы ұжымның қазақ тіліне деген немқұрайдылығының көрсеткіші. Әрине, айтылған сын барлығына қатысты емес. Қазақша таза және анық сөйлейтін Мақпал Мұқанқызы жаңалықтарды көп жүргізбейді, бірақ өзінің жастар клубы бағдарламасына тыңғылықты дайындалатыны байқалып-ақ тұрады.
Елдегі көптеген телеарналар тілдерін бұраған орыс тілді жүргізушілерге толы. Егер тіл саясатын іске асыруда БАҚ тілінің сапасының маңыздылығын өз дәрежесінде түсінетін болсақ, тілдері орысша шыққан жүргізушілерді қазақ тілді бағдарламаларға мүлде жақындатпау керек қой.
Ағылшын тіліндегі NPR радиосын тыңдасаңыз, әр бағдарламасы тыңдаушының құлағының құрышын қандыратындай сауатты сөз бен ағартушылық бағыттағы тақырыптарға бай. Тілшілерінің әрбір сөзді тәптіштеп сөйлейтіні сонша, ағылшын тілін білмейтін адам да түсінетін шығар. Және әр бағдарламаға мұқият дайындық қонақтарды да қамтиды. Әрбір тақырып бойынша шақырылған қонаққа қойылған сұраққа толық жауап берумен қатар сауатты сөйлеу талабы да қойылады. Бұл радио ағылшын тілін дәріптеп дамыту үрдісінде үлкен қызмет атқарып отыр.
Қазақ тілді БАҚ өкілдері осы жауапкершілікті әлі толық түсінбейтін сияқты.
Аударма мәселелері
Төмендегі шаршыдан бастап, суретке қарай өзіңіздің денсаулық жағдайыңызға сай келіп тұратын сандарға бір сызық-жол тартып белгілеуіңізді өтінеміз.
Жоғарыдағы сөйлем басқа тілден аударылған мәтіннен алынған. Сөйлемді түсіндіңіз бе? Басқа тілге аударып көріңізші.
Енді талдап көрейік. Белгілеу етістігі тура объектіні қажет ететін сабақты етістік. Бұл сөйлемде қай сөзді меңгеріп тұр (нені белгілеуіңізді өтінеміз?)? Сөйлемде сабақты етістікпен байланысып тұрған сөз болмағандықтан сөйлемнің мағынасы да түсініксіз болып тұрған сияқты.
Аудармашының бірінші тілі басқа тіл болса керек, немесе аударылмақ сөйлемді жете түсінбеген.
Баланың тілін көп бақылаған Корней Чуковский өзінің “Екіден беске дейін” атты еңбегінде бала өз тілінде ешқашан құрылымы қате сөйлем құрап, сөз атамайды дейді. Бала өз тілін айналасындағы адамдардан ғана үйренбейді, сонымен қатар баланың жоғары деңгейдегі тіл сезгіштігі болады. Яғни адам өз тілінде сөздердің қолданылуы мен байланысуын өзінің білім дәрежесіне байланысты емес, басқа дәрежеде, инстинкт дәрежесінде біледі. Сондықтан болар, қай тілді үйренгенде де сол тіл иелерімен сөйлесіп, ”тілдік ақпаратты” солардан алған дұрыс екендігін қазіргі тіл үйрену саласында кеңінен айтылып жатыр.
Сөйлем құрылымын (синтаксис)талдауды сүйетін оқырмандар, пікірлеріңізді ортаға салыңыздар!